Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным, шерленем,
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп көрмеген.
Адасып барып, таласып-талып,
Сүрініп, сосын, ес кірді.
Адамның нағыз бақытты шағы –
Сүймеген кезі ешкімді.
Жылынып барып, жұлынып-жарып,
Жүрек көзінен жас тамад.
Махаббат оты тұтанған күннен,
Бақытсыздықтар басталад.
Көрінбес көзге елесті қуып,
Көңілді, сосын, бір демдер.
Адамның бәрі сүйіскен сәттен,
Бақытын іздеп жүргендер.
Санасы әбден ескірген деме,
Санама жасық, пасыққа.
Бақытты болғың келсе егер, досым,
Сүюге онда асықпа!
Адастым дей бер, адамның бәрі,
Бақытқа сендей асыққан.
Бақыттымын деп айтпайды бірақ,
Себебі, олар – ғашықтар!
Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем,
Жүректей жұқа бөлмеден.
Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,
Ешқашан сүйіп көрмеген.
еще тексты
Другие названия этого текста
- Мукагали Макатаев - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... (2)
- М.Мукатаев - Суйуди бакыт....... (1)
- ***@r@ik@***Мукагали Макатаев - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... (0)
- Мұқағали Мақатаев - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ + 7702 444 40 94 (0)
- Авторы: Асылзат Арыстанбек - Сүюді-бақыт дейтіннің бәрі... (0)
- Нурсултан жане Бекболат - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... (0)
- мен саган кашыпын гои бул асел - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ (0)
- Мұқағали Мақатаев.::: ♥Нурислам♥:::. - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ (0)
- Ботик) - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... (0)
- Мұқағали Мақатаев - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі...(поэзия) (0)
- Найман Ержигит
(Мукагали Макатаев)
- Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... (0)
- Асылзат Арыстанбек - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ (0)
- - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ (0)
- дидар - ****** (0)
- [●Ануар Нуртазин●] - Сүюді бақыт дейтіннің бәрі... ♥ (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1