Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Zh@N - Қазақпын деп мақтанамын | Текст песни

Қазақ болып туғаныма мақтанамын әрқашанда
Өз тіліміз,өз жеріміз,егеменді ел болғанына
Мақтанамын байлық толы,байтақ жерім болғанына
Бабаларым қорғап кеткен қасық қаны қалғаныша

Ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен
Жерін жаудан қорғаған мақтанамын батырлармен
Үш жүздің басын қосқан мақтанамын Абылай ханмен
Дауды әділ шешіп отқан мақтанамын билеріммен

Халық сөзін сөйлеген мақтанамын жыраулармен
Жауға әскер бастаған мақтанышым қолбасшылар
Қиыннан сөз құрайтын шешендері қазағымның
Терең қойнау тарихы бар,қалайша мен мақтанбаймын???

Өзге елде сұлтан емес,өз еліңде ұлтан бол
Бабалардан қалған жердің батыры бол,қорған бол
Өзге тілде сайрағанша,өз тіліңді құрметте
Қазақ болып туғаныңа әрқашанда мақтан ет

***
Қазақпыз!Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Қазақпыз!Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Қазақпыз!Досымызды сақтай білген елміз,
Қазақпыз!Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

***

Қойнауында байлық толы,кең байтақ атырабым
Карасаң көз тоймайтын табиғатпен мақтанамын
Қонақ болып келген жұртты құшақ жая қарсы аламын
Тәуелсіз елдің баласы,мақтанамын мен ҚАЗАҚПЫН!

Зәулім шахарларым бар,ешкімнен біз кем қалмадық
Жылдан-жылға өркендеп,қадам басып дамып жатырқ
Ел бірлігін сақтағаған Ханымыз бар мақтанамын
Қорғаны бар қазағымның жауға жерін басқызбайтын

Бабалардан қалған мұра дінім және дәстүрім бар
Сақтайтын қан тазалығын қазағымның үш жүзі бар
Жеңістерде желбірейтін қазағымның көк туы бар
Мақтанамын қазақпын,қазағымның өз тілі бар

Еліміздің болашағы Қазақ жастардың қолында
Таза қылып қалдырайық болашағың ұрпағыңа
Мен ғана емес,барлығы,қазақпын деп мақтан тұтсын
Бірлік болсын әрқашан,көкбөрінің ұрпағысың

***
Қазақпыз!Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Қазақпыз!Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Қазақпыз!Досымызды сақтай білген елміз,
Қазақпыз!Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

***


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-