Анама деп... Ағаш ектім жемістерін балама деп Алдап бақтым келістіріп алама деп Ойды қырды тегістедім балама деп Айтшы достым не істедім анама деп 2 Қан жусада білегімді балама деп Аямадым жігерімді балама деп Жараладым жүрегімді балама деп Не жасадым айтшы достар анама деп 2 Қиын сапарларда киім алдым балама деп Зәулім сарай – үйлер салдым балама деп Бар тәттіні үйіп алдым балама деп Айтшы қандай сыйлық алдым анама деп 2 Ақшаны да селдей төктім балама деп Ауыр жүкті сүйрей өттім балама деп Дем алуды білмей өттім балама деп Көңілімді бөлмей өттім анама деп 2 Ақ сүт беріп әлпештеген анама деп Ниет қылсам ақ орамал жабам ба деп Ыңғайсыздық ұялайды санамды тек Біреулерді ренжітіп алам ба деп 2 Біреулерді ренжітіп алам ба деп 2