Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп,
Иықтан шашы төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.
Қиылған қасы, қарақат көзі,
Жүректі баурап оятар сезім,
Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы шуақты күндей.
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем,
Ләззәт алар көрген жан сенен,
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем.
Ағайындылар тобы еще тексты
Другие названия этого текста
- Ағайындылар тобы - Қыз сыны (0)
- Арман тобы - Қыз сыны (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3