Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша! Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша! Сексен қыз керуенге шыққан кезде, Ішінде қара басың, па, шіркін, хан Қадиша!
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша! Бір емес, екі жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге, шіркін-ай, бар, Қадиша!
Басынан Жыландының құлағаным, Кекілін телжиреннің, шіркін-ай, сылағаным. «Кетті» деп Балқадиша естігенде, Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным!