Тербесе назданам ғой, жүректі маздаған ой. Бір болу жазбаған ғой, тағдырдың шешімдері. Сол үшін өкінемін, мұң толы көкірегім. Мен сенен өтінерім, бәрі үшін кешір мені.
Тағдырым алаңдатты, болған соң сараң қатты. Жаныма жаман батты, кеткенің жылап тұрып. Ойымның бәрі мұңды, іздейді әлі кімді. Жатырмын қадіріңді, кеткен соң бір ақ біліп.
Төзімім шаршап бітті, жеңе алмай алшақтықты. Мендегі бар шаттықты, кеттің ғой қосып алып. Болсын деп мол шырайы, Алладан мен сұраймын. Бақытты болшы дайын, тілерім осы ғана.