Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Абдіжаппар Әлқожа - Жолданбаған хат | Текст песни

(Авт: Есенғали Раушанов)
Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін
Іздеймін жалғыздықтан торықсам
Ұмтыламын өрге кіл
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Көр де тұр.
Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.
Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-