Мен сені сағынғанда Қарамай дауылдарға,жауындарға Қарсы қарап жүземін ағындарға Кеудемде қимылдаған жаным барда Мен сені сағынғанда бір минутта хақым жоқ дамылдарға Мен сені қызғанамын Қызғаныштан мұз шайнап,тұз жаладым Шаңқылдап алдымнан шық ана қыран Алыстан келеді ұшып мұзбалағың Тәкаппар ең өрлікке бола туған Жет тездет,дауыл тұрғыз қанатыңнан Мен сендік,сен мендіксің ана қыран Қыранбыз қырандардан жаратылған Сағыныштың сағымын жамылғанда Қарамай қара нөсер қағынғанға Саған ұшам қалмайды сабыр жанда Мен сені сағынғанда,сағынғанда...