Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ақберен х Кенес Тико - Тілімнің туы асқақта ! | Текст песни

Мен де қазақтың баласы тілімнің зарын айтқан,
Ащы болса да тыңдаңыз құлақдар болып жайттан.
Ана тілін менсінбеген бүгінде көбеюде,
Қазақ тілді жерге таптап намысы жолдан қайтқан.

Не дейін, не айтайын? қазақтың баласына,
Жандары ашымайтын тілімнің жарасына.
Бір орысқа төрт қазақ орысша сайрап тұрса
Айтарға сөзім жоқ, арт жаққа тартып тұрса.

Алаштың ұлдары ойланып қара саналы,
Жұқарып барады менің ана тілімнің қамалы.
Сен ойламасаң кім ойлайды? тілдің қамын
Оян, қазағым, көтеріп басты шамалы.

Қашанғы ұйықтамақсың? алтын тіліңді қорлап,
Санаңды қанша улайсың? өзге тілмен торлап.
Жыраулар, шешендерге таптырмас қару болған
Қазақ тілім, мәңгі тілім елімнің сәні болған.

қ-сы

Елімнің туы аспанда,
Тілімнің туы асқақта.
Еңсеңді көтер қазағым,
Намысты бермей бас алға!

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген басшы,
Бірақ оны тыңдап жатқан адам қайда? қане тапшы.
Қайда намыс? қайда? зымырап кетіп барасың,
Тілім деген қазақ қайда? емдейтін ана тілдің жарасын.

Қарасын көрсетпит ондай адам, жоқтың қасы,
Жасы келген адамның да ауырмайды басы.
Асы алдында, нестейді? тұмсығын тығып босқа,
Сондай заман, нестейді? жақсылық қылып досқа.

Басқа, атмосферада өстім олардан бөлек,
Жүрегім қазақ деп соғат, тілім үшін өлет.

қ-сы

Елімнің туы аспанда,
Тілімнің туы асқақта.
Еңсеңді көтер қазағым,
Намысты бермей бас алға!


Ақберен х Кенес Тико еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1