ҚЫЗ САҒЫНЫШЫ
Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі
Шыға келсең алдымнан күліп тағы,
Атпас па еді жадырап үміт таңы.
Тамылжыған сыры мол айлы түнді
Сүйген жүрек қалайша ұмытады,
Сүйген жар.
Қайырмасы:
Сыбырлайды жасыл бақ,
Жоқсың бірақ, қасымда,
Сағындым жайдары күлкіңді,
Сағындым, сүйген жар, сол түнді.
Алыстасың, аяулы аңсағаным,
Сағыныштан жабырқап ән саламын.
Көңілімнің күні боп келсең, сәулем,
Көктемнің гүлі боп қарсы аламын,
Сүйген жар.
Қайырмасы.
Ақбота Керімбекова еще тексты
Другие названия этого текста
- Ақбота Керімбекова - Қыз сағынышы (0)
- Шәмші Қалдаяқов (Ақбота Керімбекова) - Қыз сағынышы (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1