Сəлем Ұстазым өзіңе арнап əн жаздым есіме түсті менің бұзықтық балғын шағым сабақта шулағаным өзіңді тыңдамадым оғанда қарамадың сен мені аяладың.
Ия,ұстазым... өзіңді тыңдамадым ауырып қалдым деп өзіңді көп алдадым қыздардың шашын тартып мəз болып ойнағым есімде əлі күнге балалық қызықтарым
Ия ұстазым сабақты оқымадым есімде \"2\" алғаным сол үшін жылағаным есімде жұбатқаның күлкімді келтіреді \"2\" үшін жылағаным.
Əрине ұстазым көпқой сізге қарызым мың рет тағзым бұл менің парызым керемет тəрбиеңе рахмет ұстазым... рахмет ұстазым!
Қайырмасы: Сағынамыз осы бір күнді ұстазым сенің құшақ күлкіңді сағынамыз сені мектебім өзіңмен өткен қызық күнді 11 жыл өтті қас қағымда ұстазбен өтті жас шағымда ұмытпаймыз біз сізді мəңгі есте сақтаңыз осы əнді...
Құрметті менің ұстазым есімде үміт артқаның \"ақтайсың балам,оқы!\"-деп арқамнан менің қаққаның үмітіңізді бұйыртса ақтаймын студенттік өмірге жол бастаймын!
Соңғы күн... енді мектеп оқымаймын жай ғана осы күнді еске алып армандаймын білім берген, ой берген, сана берген, сабақ берген ұстаздарды қиялмаймын!