Мен өзіңді жаным сүйем, Жаңа ашылған гүлім. Жарқыраған нәзік жүзің, Нұрын шашқан күнім.
Қайырмасы:
Саған деген сезімімді сезесің бе, ардағым? Толқып жатқан сезім қайда білесің бе, арманым? Көз алдымда жұлдыз болып жанасың сен ардағым, Жүрегімнің сен төрінен шықпайсың әрдайым.
Ұмыта алмаймын өзіңді де, Мөлдіреген көзіңді. Ұққым келеді айым, Сенің жұмбақ сөзіңді.
Қайырмасы:
Сағынғаным, аңсағаным, Таусылардай бар шыдамым, Жүрегіме от салдың ардағым Сен!