Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек, Бұған – ұйқасты өлең, сөз керек, Өзіне орайлы. Денең – жан нұрлы болса жөнделмек, Өлең - әнге өлшеп айтса өңделмек, Ұйқасқа қолайлы.
Ән өлшеуіш, өлең күміс, Қоспаңыз мыс аралас. Артық елу, не кем салу, Әрпі қалу жарамас.
Ауыр, - осы әнге тұщы сөз салмақ, Тәуір, - татымды ұйқас жиналмақ, Тереңнен толғанып. Сырын бұл әннің айтып қарайын, Түрін, - сипаттап тізіп санайын, Өлең тап ойланып!
Буыны сегіз, алтауы егіз, Үш ем деңіз, екеуі, Кім дәл басты, кілтін ашты, Жақсы ұйқасты нешеуі?