Көзі бар, Соқыр – көңілі. Жүрек бар – Жансыз темірі. Бос кеуде жандар. Басы бар, Миы – қуарған. Жүрек – шөл, Пейіл суалған. Көзіңді алдар. Адастық қалай? Адастық қалай? Тәңір, қайдасың, қайдасың? Қайырмасы: Сауықтыр, тәңір! Жанымыз жаралы. Сауықтыр, тәңір! Дерт алып барады... Бір үміт бер, бір үміт бер! О, тәңірім, бір тілегім – Қайта соқсын бұл жүрегім! Тілі бар, Сақау – жүрегі. Аяқ бар, Мешел үнемі. Бәрінен әлсіз. Құлақ бар, Керең – санасы. Қолында Жұрттың жағасы Тірлігі мәнсіз! Адастық қалай? Адастық қалай? Жауабы қандай? Тәңір, қайдасың, қайдасың? Қайырмасы: Сауықтыр, тәңір! Жанымыз жаралы. Сауықтыр, тәңір! Дерт алып барады... Бір үміт бер, бір үміт бер! О, тәңірім, бір тілегім – Қайта соқсын бұл жүрегім! Тәңір, қайдасың, Бір үміт бер, бір үміт бер! О, тәңірім, бір тілегім – Қайта соқсын бұл жүрегім!