Арманның алауынан мас боп алдандым,
Арбалдым, сонда да мен биік самғармын.
Мөп-мөлдір жанарыңда жас боп қалғанмын,
Жүрегіммен бақ тілеп тұрып, саған.
Қайырмасы:
Маған қалдыр жалғанның мұңын,
Мен сыйлайын арманның гүлін, саған.
Өткен күннің бар жүгін артып,
Қала берем ән-жырымды айтып, саған.
............ биігіне шығып заңғардың,
Жұлдызға жүрегімді соғып жарғанмын.
Күйдіріп қанатымды отқа салғанмын,
Жүрегіммен бақ тілеп тұрып, саған.
Қайырмасы:
Маған қалдыр жалғанның мұңын,
Мен сыйлайын арманның гүлін, саған.
Өткен күннің бар жүгін артып,
Қала берем ән-жырымды айтып, саған.
Кетпес енді тағдырым шалқып,
Жеткіземін жан сырын қайтып, саған?
Махаббатым адал боп тұрар
Өртенсемде обал жоқ шығар, маған.
Ғаділбек Жаңай еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2