Бірде жанып шоқтай, бірде сөнеміз,
Бірде құлдай момын, бірде төреміз.
Бүгін доспын ертең дұшпан көреміз,
Өзгереміз осы күнде неге біз?
Өтеді өтпелі замандар,
Бәріңнің де бір-бір налаң бар.
Жүректің айнасын кірлетпей,
Адал болайықшы адамдар.
Жақынымыз өссе, ұната алмаймыз,
Қолдан келсе жардан құлатардаймыз.
Тәкаппар болуды тура таңдаймыз,
Жылатамыз бірақ жұбата алмаймыз.
Өтеді өтпелі замандар,
Бәріңнің де бір-бір налаң бар.
Жүректің айнасын кірлетпей,
Адал болайықшы адамдар.
Ғаділбек Жаңай еще тексты
Другие названия этого текста
- Ғаділбек Жаңай - Өмір жайлы [http://vk.com/matin_kaz] (0)
- Ғаділбек Жаңай - Өмір жайлы [http://vk.com/olen_matin] (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2