Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қажымұқан Наурызбайұлы - "Әке" деген... | Текст песни

Қазыбек бише ойланып сөйлей білсең,
\"Әке\" деген асқар тауың теңей білсең.
Бар тапқанын \"балама\" деп саған берер,
Ізін басқан, бауыр еті, жүрегі сен.

Бала кезден әкемізге еркелейміз,
Ер жетсекте әкемізге бөпедейміз.
Әйел айтқан сөзге бола қарт әкеңді,
Неге сонша қарттар үйіне жетелейміз?!

Төрт аяқты келімсекте мұны білмес,
Қанша айтсақта мұның қазір жөні келмес.
Бір білерім, осындайға дәті барған,
Хайуан да емес, атауың \"Адам\" емес.

Ата-ананың алдында парызы бар,
Перзентінің өтелмес қарызы бар.
Арқаға салып Меккеге апарсаңда,
Деген сөздің расында маңызы бар!

Бас иемін асқар таудай әкеме мен,
Расында ыстық екен \"Әке\" деген
Я, Аллам мейіріміңе бөлей көрші!
Адам қылған, әкемізді, мәпелеген!


Қажымұқан Наурызбайұлы еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1