Бегімайдың жыры
Әнін жазған: А.Чойбекова
Сөзін жазған: Сардарбек Жұмалиев
Бүлдіргендер мөлдіреп піскен кезде,
Тау бұлағын тамсана ішкен кезде.
Самал желмен тербелген тал қайыңдар,
Бақ ішінде мен сені күткен кезде.
Қайырмасы:
Махаббатым сізге арналады,
Махаббатым сізге,
Тағдырым да сізге арналады.
Бал аралар гүлдерге қонған кезде,
Алатаудың бал шөбін сорған кезде.
Құсалықтан қуарып ақ жүзіміз,
Арамыздан көп күндер өткен кезде.
Қайырмасы:
Махаббатым сізге арналады,
Махаббатым сізге,
Тағдырым да сізге арналады.
Көңіліңе гүл сыйлар көктем, күзде,
Көздеріңді кірпігің өпкен кезде.
Ең алғашқы жолыққан кештегідей,
Аспандағы алтын ай туған кезде.
Қайырмасы:
Махаббатым сізге арналады,
Махаббатым сізге,
Тағдырым да сізге арналады.
қазақ Ақбота Керімбекова еще тексты
Другие названия этого текста
- қазақ Ақбота Керімбекова - Бегимайдын жыры (0)
- Саят Медеуов & Акбота Керимбекова - Бегимайдын жыры (0)
- Акбота Керимбекова - Бегимайдын жыры (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2