Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қазақ Баласы - ЕСІҢЕ АЛДЫҢ | Текст песни

Есіңде ме, есіңде ме өткен күндерің,
Жауратып жүрме олсыз айлы түндерің.
Көтеруші еді көңіліңді жымиып күлгені,
Олсыз құлпырмады ауладағы гүлдерің.

Ойлар келе береді қайғысын ертіп алып,
Артыңнан ере береді, қашсаң, жетіп алып.
Ойларды жинама
Ақылға сыймаған.
Түндерің көп көз ілмеген,
Үмітің бар үзілмеген.
Іздері бар көздеріңде өткен күздеріңнен,
Төгілген моншақтар жанарыңнан бақыт боп тізілмеген.

Қ-сы:
Есіңе алдың оны жаңбыр жауғанда,
Есіңе алдың оны күн ұясынан ауғанда.
Ол сені ойлай ма?
Түнеріп не қыласың, түндерде жыламашы,
Ойланып ойдың биігінен төмен құламашы.

Ойлана берме, не қыласың ойлана беріп,
Ойлана берсең, таусылмайды ойлар.
Бол бір ғана ойыңа берік,
Мұңдарға бағынба, олар кетеді келіп, кетеді келіп,
Ал сен өзіңді мұңайта берсең, босқа көзіңнен бояуың кетеді еріп.
Аспан кейде жылайды, неге,
Мүмкін пенделер сол секілді түнімен көрсетпей көзден жас өткізеді.
Ал бақытты сәттер көп болғанын ұмытып кетеді,
Сен де бақытқа жолығасың, сене біл, уақыт шешеді.

Тағы таң басталды, «шүкір» деп өзіңді жұбат,
Пенде, артыңнан еретін сөз көп, ұмытпа, өзіңді алшақ ұста.
Болды, сөзге құлыптан, жетер енді, болды, көзді аш, оян,
Бәрі қатыгез, тағдырға сенім жоқ мүлде,
Жаныңды жегіндей қинап жүрекпен көрмедің.
Дос пен дұшпанды айыра білмедің,
Бұл өмір алма кезек, бәрі алдыңа келеді.
Саған бақыт жолығар, Жаратқанға жалынам,
Сезім келер молынан, саған да бағынар.
Қалмады ма амалың, досым, оян,
Көзден жасты тамшылатпа, ағады бояуың.
Бұл өмір, сен мұнда барсың, тірісің,
Тағы тайғанатпайды, көрші кірісіп.
Әлем қарсы болса да жатсың тырысып,
Дұшпандарға ерме, кетсін, құрысын!

Қ-сы:
Есіңе алдың оны жаңбыр жауғанда,
Есіңе алдың оны күн ұясынан ауғанда.
Ол сені ойлай ма?
Түнеріп не қыласың, түндерде жыламашы,
Ойланып ойдың биігінен төмен құламашы.

Есіңе алдың оны жаңбыр жауғанда,
Есіңе алдың оны күн ұясынан ауғанда.
Ол сені ойлай ма?
Бұл өмір, сен мұнда барсың, тірісің,
Тағы тайғанатпайды, көрші кірісіп.
Әлем қарсы болса да жатсың тырысып,
Дұшпандарға ерме, кетсін, құрысын!

Қазақ Баласы еще тексты


Другие названия этого текста
  • QARAKESEK x KUAN #91 - Есіңе алдың (Дос қызға) mixed by BIGBAN (0)
  • QARAKESEK x KUAN - Есіңе алдың (минус) (0)
  • Есіне алдың - Санеек& (0)
  • - Есіңе алдың (Дос қызға) (0)
  • Қазақ Баласы - ЕСІҢЕ АЛДЫҢ (0)
  • Мақсат Майлыбай - ЕСІҢЕ АЛДЫҢ (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1