Биік таулар, бойшаңмын деп шіренбе.
Күнің жетсе сен де бір құз боларсың.
Терең теңіз, тәкаппарсып түнерме.
Суың кетсе сен де бір шөл боларсың.
Ұлықпандай, оу, тапсаң дерттің дауасын.
Үрістемдей жыртсаң жаудың жағасын.
Ескендірдей алсаң да әлем қаласын.
Бәрібір сен жермен жексен боларсың.
Тыңдаған жұрт, үлгі тұтса сөзімді.
Менменсімей төмен ұста өзіңді,
Наданға ерсең, қараңғы өр боларсың,
Данаға ерсең күндей ашар көзіңді.
Бәрібір сен жермен жексен боларсың.
Қазақ Баласы еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2