Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсет би көрісе кеп былай деген екен:
— Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. \"Абыз айтушы еді\" - деп, айтып отыратын бір сөз айтыңызшы,— депті.
Балалы болғанда білерсің.
Жалалы болғанда білерсің.
Саналы болғанда білерсің.
Бағалы болғанда білерсің.
Жабылғанда білерсің.
Қағылғанда білерсің.
Ауырғанда білерсің.
Қан кеткенде білерсің.
Әл кеткенде білерсің.
Жас өткенде білерсің.
Нұр кеткенде білерсің.
Дос кеткенде білерсің.
Өлгенінде білерсің.
Көмгенінде білерсің.
Ақсағанда білерсің.
Қақсағанда білерсің.
Тоқтағанда білерсің.
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1