Қайта оралды қазағымның бүгін дәстүрлері-ай, Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді-ай. Берекелі қазақ жері, ең мерекелі, Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Қайырмасы: Шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той, ай шіркін-ай, Құда түсу, сырға салу, беташарым-ай. Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, Қыз бозбала кең даланы әнімен әсем тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден, Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле. Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын, Ата-баба көзіндей ғып сақтайық қазақ дәстүрін.