Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

"Қазақ қыздары" - Қазағымның қыздары | Текст песни

Қызғалдақтай қырдағы,
Жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі ең сұлу
Қазағымның қыздары! 2-рет

Шығысымның сұлулары асқақ ән,
Сыңғыр шолпы, шашпауымен мақтанам,
Өр Алтайдың биігіндей өр мінез
Қадірімен қасиетін сақтаған.

Ей жігітім, жігітім
Келер болсаң мөп-мөлдір сезіммен кел,
Серт болатын семсердей сөзіңмен кел,
Егер қолың жетпесе әуре болма,
Мұқағали атамыз атқандай-ақ,
Өз обалың өзіңе өзіңнен көр.

Қызғалдақтай қырдағы,
Жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі ең сұлу
Қазағымның қыздары! 2-рет

Тәлімменен тәрбиенің мәйегі, мәйегі,
Хас сұлудан әр ханзада дәмелі, дәмелі
Ары менен абыройын сақтаған
Оңтүстіктің арулары арулары арулары әдемі.

Мұқағали сұлуларды көп дейді,
Бола берсін сұлу қыздар көп мейлі
Салтын сақтап, дәріптейтін дәстүрін
Батысымның қыздарына жетпейді

Ей жігітім, жігітім
Келер болсаң мөп-мөлдір сезіммен кел,
Серт болатын семсердей сөзіңмен кел,
Егер қолың жетпесе әуре болма,
Мұқағали атамыз атқандай-ақ,
Өз обалың өзіңе өзіңнен көр.

Қызғалдақтай қырдағы,
Жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі ең сұлу
Қазағымның қыздары! 2-рет

Қолы жеткен шын бақытқа кенелет, кенелет,
Шамаң жетсе жеті түнді өлең ет, өлең ет.
Ақан сері, Біржан салдар жырлаған
Сарыарқаның сұлулары сұлулары сұлулары керемет.

Қызғалдақтай қырдағы,
Жайқалып тұр гүл бағы
Әдемі ең сұлу
Қазағымның қыздары! 2-рет


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-