Есіңде ме арайланған махаббаттың таңы? Есіңде ме алау арман сол бір шақтың әні? Кешір деме, сен емес өткен күнге кінәлі. Бал едік біз әлі, тосын келді тағдырдың ызғары. Жаным-ау, зулаған күндер жалғар емес үмітті, Сонда да жалықпаймын сұраудан.
Қайырмасы: Есіңде ме сол бір күндер? Есіңде ме сол бір түндер? Сол күндері жалындаған Сөз бергенің жаным маған?
Есіңде ме сары алтынға боянған күз бағы? Есіңде ме сол алтынға шомылдық біз дағы? Есіл кеме жағалауға қайта орал жүз ағып. Көңілім мұздады, жабырқады жүрегім сыздады. Жаным-ау, сертіңді берген қалай ғана ұмыттың? Тек сенен жалықпаймын сұраудан.