Тілеймін сені, сұраймын сені тағдырдан Жанқұрбым менің жанымды оттай жандырған Сезімім менің жаңарып қайта жаңғырған Жолыңда сенің, жолыңда сенің жан құрбан Жанымда енді жүрмесең жаным болмайды Өзіңсіз көңілім өмірге тасып толмайды Айырылсам сенен болады өшпес сор-қайғы Тек сенің адал сезімің мені қолдайды Қыймаймын сені, басқаға жаным қыймаймын Сондықтан сені өзімді оймен қинаймын Сыйлаймын қалай өзгеге Жаным мен сені? Өзіңсіз мынау дүниеге енді сыймаймын!