ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА ТІЛЕК Үйлену оңай, үй болу қиын деген бар, Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар. Қос өзен секілді қос тағдыр бүгін қойылса, Жарасым тауып, жасалсын ізгі қадамдар. Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік, Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт. Беу, қарақтарым! Алтын тойды да тойлаңдар, Отауларыңнан қуаныш кетпей, бақ тұнып Көңілде көктеп махаббат гүлі, нұр гүлі, Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры. Өрісі кеңіп бабадан қалған әулеттің, Тепбеліп бесік, естілсін сәби былдыры. Адами ғұмыр болары анық, бір нүкте Жақсылық келер, ынтымақ барда бірлікте. Бас қосқан жастар, сендерге үлкен тілегім, Біріңе-бірің сүйеніш болыңдар тірлікте.