бұл даланы жұмыр жердің бетіне
алла берген қазағымның бетіне
ата жауым кеткен талай тентіреп
жете алмастан шетіменен шетіне
сол даланы ардақ тұту арманым
арманыма өмірімді арнадым
бабаларым ұрпағының бағы үшін
қанын төгіп сұтпен сызған аумағын
соны ойласам жүрегімді өрт алар
бұл далаға қай құдырет жете алар
отаныма көзге түскен жау болса
сүйегімді аттап қана өте алар
туғып өткен намыс атын ар атын
армен намыс менің екі қанатым
мені саған жүрексіз деп кім айтты
сүйегінен аттаттыра салатын
аттатпаған ақ білектің күшімен
тат баспаған ақ найзаның ұшымен
сақтап қалған өр рухтың ысымен
сақтап қалған қыран қабақ сұсымен
ұлы далам ұлы бабам ұлығым
ұрпағына данғып сепкен ұрығын
туғып ұстап тәуелсіздік тұғырын
азат елдің қазақ деген ұлымын .
* еще тексты
Другие названия этого текста
- * - Азат елдің қазақ деген ұлымын (0)
- Аян (Сартай) - Азат елдің қазақ деген ұлымын (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2