Мен келем тау ішінде түнделетіп Аймақты күңіретіп өлеңдетіп Астымда ақ боз атым сылаң қағып Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп
Қ/СЫ: Ақ боз ат - менің тұлпарым Шалқыған көңіл сұнқарым Көкірек керіп жұттым мен Ауаның жазғы жұпарын А-ай, сүмбіл шаш Тәтті сөзің, қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің
Ән салдым есіп майда, жаяулатып Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып Толқынды мың құбылған әнімді естіп Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып
Қ/СЫ:
Ақ боз атым - қояндай Еркелеп басар аяндай Тербеді даусым ауаны Даңылдап қалқып баяулай А-ай, сүмбіл шаш Тәтті сөзің, қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің