Ақ көйлек, қызыл бешпет әдемі қыз, Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз. Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің, Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.
Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жарымсың.
Ақ көйлек, қара камзол белін буған, Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, артық туған. Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын, Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.
Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жарымсың.