Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қазақша Ән - Қазақ Осы | Текст песни

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Е-е-ей!
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Е-е-ей!
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Другие названия этого текста
  • Нагыз казак осы*** - Нагыз казак осы*** (3)
  • Алмахамбет - Терме Казак осы (1)
  • Нагыз - Казак (1)
  • Қазақша Ән - Қазақ Осы (1)
  • Akzhan & Tursinai - казак осы (0)
  • Неизвестно - Казах осы (0)
  • Гульжана Сапакова & Тимур Бикбаев - казак осы (0)
  • Неизвестный исп - Нагыз казак осы !!! (0)
  • ۞ ♔By Рома♔ ۞ - Нагыз казак осы (0)
  • ДАМИР ШАЯХМЕТОВ -ГИБРАТ ШОУ - КАЗАХ ОСЫ (0)
  • М.Хамитова - Нагыз казак осы (0)
  • Хамитова - Казак осы (0)
  • Нагыз казак осы мыне танып кой! - (0)
  • Гаухар Алимбекова - Нағыз қазақ осы (0)
  • ▲Daka - Казак (0)
  • Нағыз қазақ осы - Нағыз қазақ осы (0)
  • серікбек назерке - Нағыз қазақ осы (0)
  • Бекслан,Макош дəстүрлі əншілер - Нагыз казак осы (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
  • Гажайыпстанга Саяхат Гажайыпстанга Саяхат
    "Гажайыпстанга Саяхат" Анимационный сериал 200 серий хронометраж серии 5 минут. Язык:казахский. Трансляция: Национальный ...