Өзіңмен қалсам кезігіп, Ғажайып бір күй туады. Екеуміз ғана сезініп Екеуміз ғана ұғатын.
Айтуым керек болса да, Сөз табу қиын мұндайда Жаным-ау, мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма? Алаулап нұрың жүзіңнен Ботадай көзің мөлдіреп Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным елжіреп
Наздана күлсең сыңғырлай Жадырап жаным, жаңарып. Жаңбырдан соңғы қырлардай Дүние кетер жаңарып, Дүние кетер тазарып
Өзіңе қалсам тіл қатып, Зымырар қаным тулатып Сондағы ойым, арманым Ғажайып күйді жырлатып, Ләззатқа кетсек бір батып...