Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ай-Хай - Аялдамадагы Ару | Текст песни

Бір қыз тұрды аялдамада
Тәңір өзі аялаған ба
Хор қызындай ару періште
Сымбаты мен көркі келіскен

Бал сезімдер бойыма тарап
Тұра бердім аруға қарап
Не болғанын білмей өзім де
Берілдім мен шәрбәт сезімге

Журегімді кеудемдегі тулаттың, аялдамадағы ару
Бір көргеннен ғашық болып ұнаттым мен
Асықпашы тұра берші, кетпеші, аялдамадағы ару
Махаббаттың жанған оты өшпесін тек

Еш нәрсе жоқ ойымда өзге
Көздеріміз түйіскен кезде
Дір еткендей болды жүрегім
Таныссам деп іштей тіледім

Қасы көзі қандай керемет
Еліктің лағындай елігіп
Жүзінен шуағын таратқан
Не деген шеберсің, жаратқан
Журегімді кеудемдегі тулаттың, аялдамадағы ару
Бір көргеннен ғашық болып ұнаттым мен
Асықпашы тұра берші, кетпеші, аялдамадағы ару
Махаббаттың жанған оты өшпесін тек


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
    Нет видео
    -