Сағыныш 1. Қанша арман еткенімен Жоғалттым сені мүлдем Көзімнен кеткенімен Жүрсің ғой көңілімде Сыры бар сезбесенде Айналды танымасқа Қайтадан кездескенде Болар енді бәрі басқа
Қ-сы: Көрерсің күйгеніне Тағдырмен күйге салмай Қоспайтын сүйгеніңе Бұл өмір неге сондай Махаббат мағынасын Табалмай кезіп жүрмін Сен мені сағынасын Мен оны сезіп жүрмін
2.Жадымда бейнең әлі Үмітін мың гүлдеді Қайтадан кейде бәрі Келер дей бір күндері Биікке самға бағым Кеудемде ән ойнасын Сындырып алма жаным Бақыттын шар айнасын