•МЕН ҚАЗАҚПЫН•
Жасымнан тарихты танып көргем,
Сол тарих өнері шабыт берген.
Мен қазақпын ғұндардың ұрпағымын,
Кезінде Бейжіңді де шауып келген.
Мен қазақпын Мөдемін, Атилламын,
Бар ғалам қаһарымнан қауіптенген.
Мен кешігі сақтардың сарқытымын,
Парсылар ерлігіме парық берген.
Күннің астын билеген Күлтегінмін,
Күллі әлем ерлігімді таңып көрген.
Мен Бейбарыс тоқтатып Шыңғыс ханды,
Мұсылманға еркіндік алып берген.
Мен қазақпын, Фараби, Қашғаримын,
Ислам ғылымына шабыт берген.
Мен қазақ Алтын орда мұрагері,
Бас ұрып орыс-орман салық берген.
Мен қазақпын, Кереймін, Жәнібекпін.
Жазылған тарихқа алтын әріптермен.
Мен Қасыммын, Тәукемін, Абылаймын,
Тектілік рухына қанып келген.
Жәнібек, Бөген, Наурыз, Қабанбаймын,
Жоңғарды табанына салып келген.
Мен Абаймын, Шоқанмын, Ыбыраймын,
Даңқым бар дүниеге дәріптелген.
Мен Әлихан, Ахмет, Міржақыппын,
Алаштың аспанында жанып сөнген.
Мен кешегі қаһарман Бауыржанмын,
Мәскеуді де кеудеммен жауып берген.
Мына мен Рақымжанмын Рейхтагтың,
Төбесіне ту тігіп, алып берген.
Мен қазақпын, Қайратпын, Ләззатпын,
Желтоқсанның көк мұзын жарып берген.
Мәңгіліктен жол тарттып мәңгілікке,
Дәрежелі орынымда алып төрден.
Менен мықты халық жоқ, Аллам өзі,
Ешқашан өшпейтұғын даңқ берген.
© Айбек Қалиев
Айбек Қалиев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1