Балғынбек досым аса қымбаттым, Елімнің мұңы жаныма батты. Өзекті өртеген өкініш У-ы, Асау кезеңдей арыны қатты. Ислам иман дінімді саттым, Аяулы ана тілімді саттым. Келешегімді шетел асырып, Қарындасым мен інімді саттым. Жазира байтақ белімді саттым, Айдынды шалқар көлімді саттым. Мұнай мен көмір,темірді саттым, Бабадан қалған жерімді сат. Ойлайтын жандар құлқынды қатты, Қаймана қазақ жұртымды сатты, Қазақстандық ұлт боламын деп, Соңғы байлығым ұлтымды саттым. Шығармайсың деп үніңді қатты, Қарсы келгенді қамады,атты. Шыңғырып елге шындықты айттың деп Ұлы өнерім бұл айтысты жапты. Жатқан жандар ма қазақты құндап, Жағымпаз құл бар қоғамды бұлғап, Құлағы керең, көздері соқыр. Тілдері шұбар,елге айналдырмақ. Жетейін десем қанағат барға, Теңейді ұлтымды,тобырға малға. Патшаға тауфиқ,елге бірлік бер, Жасаған Жаппар Жаратқан Алла. Сүйгенің үшін қинадың ба \"Алла\", Жиғанымды алда,иманымды алма. Ұлтымды менің пейішке баста, Көрейік нұрлы дидарыңды Алла. Жұртымды менің жұмаққа баста, Көрейік нұрлы дидарыңды Алла