Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айбол Касым - Мама сіздің келініңіз | Текст песни

Ал анашым, қуаныңыз, күліңіз
Бір сырым бар, іште жатқан, біліңіз
Әппақ жүзді айдай әсем бір қызға
Ғашық болып қалды, сірә, ұлыңыз ... !

Сол арумен жарасады шат көңіл
Бізді, сірә, күтіп тұр-ау тәтті өмір !
Қабақ шытып ренжуді білмейтін
Мама, сіздің келініңіз ақкөңіл ...

Он саусағы өнер тамған сиқырлы
Сол ару ғой ұрлап жүрген ұйқымды
Дидарына тамсанып-ақ қарайтын
Мама, сіздің келініңіз сүйкімді ...

Мендік жүрек мұз еді ғой жаураған
Сол ару кеп жүрегімді жаулаған
Сенесіз бе сөздеріме, анашым
Келініңіз өзіңізден аумаған ...

Жүрегі адал, мөлдір таза сезімі
Тек бір – \"Алла\", иманы мен сенімі
Таң атпастан ақ самаурын қайнатар
Мама, сол қыз біздің үйдің \" КЕЛІНІ \" ... !.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-