Сүйгісі келе берер сүйген ерін, Сүй, жаным! Сүйкімді бір күйге енемін. Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, Ағытшы бешпетіңнін түймелерін? Сүй, жаным! Сүйе бергін, кім біледі... Бір кезде еске аларсың түнде, мені. ...Жалт етіп өте шыққан баяғыда, Жастықтың талықсыған бір күні еді.
Сүйген ерін сүйгісі келе берер, О, жастық! Махаббаттап, көгере бер! Сүйгемін жоқ, өлгемін — дер едім мен, Сүйдің бе деп сұраса менен егер...
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1