Қар түсті қалың, Жауып сенің салған жолыңды маған. Сен үнсіз қалдың, Махаббат жоқ, бәрі, бәрі де жалған… Неге екенін білмеймін, Не жылап, не күлмеймін, Жүрегім сен дейді…
Қайырмасы: Күздің соңғы күні, Еске салып сені. Күздің соңғы күні, Жабырқатты мені…
Сағындым сені, Сағындырды өткен сан жылдар лебі. Сен салған әннің Жаңғырығы келді жетелеп мені… Ұмытармын деп едім, Ұмыта алмай келемін, Жүрегім сен дейді.