Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айдар Байділда - Дұға тілек(2016) | Текст песни

[www.kazamuza.net]

Дұға-тілек

Өлеңін жазған: Қарағызұлы Бауыржан
Әуенін жазған: Медет Салықов
Орындайтын: Айдар Байділдин

Ең шебер, ең дана, ең көркем, бір Алла,
Ең сұлу Есімің естілсін дұғамда.
Ең соңғы пайғамбар -
Мұхаммед таратқан,
Ең тұнық ақиқат құлпырған Құранда.

қ а й ы р м а с ы:

Жаратып әдемі ғаламды,
Жаратқан әкемді, анамды.
Кешірші, кешірші Я, Аллам,
Ойымен адасқан адамды.
Лә иллаһа ил Алла!

Жат жолда кетпесін қазақтың баласы,
Жат қолға өтпесін қазақтың даласы.
Қазаққа қазағым оқ атып, жауласып,
алмасын жетім мен жесірдің наласын.

қ а й ы р м а с ы:

Жаратып ғажайып көгімді,
Жаратқан қаһарман елімді.
Әлемнің Рақымды Иесі,
Сақтай гөр кең байтақ жерімді.
Лә иллаһа ил Алла!

Бейбіт күн нұрына шомылып назарым,
Мәңгі оттан түспесін береке-қазаным!
Қанағат, шүкірлік, сабырлық, иман бер,
Таусылып дәм-тұзым, жеткенше ажалым!

қ а й ы р м а с ы:

Жаратып ғажайып көгімді,
Жаратқан қаһарман елімді.
Әлемнің Рақымды Иесі,
Сақтай гөр кең байтақ жерімді.
Лә иллаһа ил Алла!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-