Баспадым жардың шетін құлай ма деп Ішпедім арықтан су лай ма деп Қорқамын дос болуға жаманменен Тар жерде ертоқымын сурай ма деп * * * * Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем * * * * Жақсылар жақсымын деп айталмайды Жамандар жақсымын деп айқайлайды Жүрген соң бауырыңды күнде көріп Таулардың биіктігі байқалмайды * * * * Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем * * * * Өмірден (оналалмассын мендігіңмен) Атыңды байлармысың белдігіңмен Аяқта аяқ киім тар болса Не пайда дүниенің кендігінен * * * * Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем * * * * Ағаштың көзі қара көміріңдей Мылтықтың бойы түзү теміріңдей Өткізген жаксыменен жарты сағат Жаманның өтіп кеткен өміріндей * * * * Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем * * * * Жолықсак біздің жақтын тентегіне Өмірдің өкінбейдау кеткеніне Уйдегі жалғыз атын сойып беріп Жүгенін ұстап қалады ертеніне * * * * Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл Өтіп барады өмір құрғыр Ахау арман дүние жалған Хәләуләйлем, хәләуләйлем Хәләуләйлем, хәләуләйлем Хәләуләйлем, хәләуләйлем