Кәусәр сезім Сырға тартым сұлу көркін Сылдыр бұлақ нәзік күлкін Жүрегімді баурап кеткен бе? Үнсіз жанға дем сыйлатып Жалғанға сенсіз сыймадым Кездескелі сол бір көктемде
Бағым, бақытымсың, қолымдағы аяулы ақ құсым Құлынтайым, жылытайын сені кеудемде менің Құшағыма кел кәусәр сезімдер, алтыным
Арман шыңы алып сезім Үміт үзбес анық көзің Бір өзіңе құмарым қандай? Неткен асыл неткен көркем махаббатың маған жеткен? Сыйға толы әрбір ақ таңдай
Бағым, бақытымсың, қолымдағы аяулы ақ құсым Құлынтайым, жылытайын сені кеудемде менің Құшағыма кел кәусәр сезімдер, алтыным