Өмір деген шар айнаға, Сәл кідіріп қарайла. Бірге жүрген күндеріңді, Ұмытпа дос жарай ма. Қайырмасы: Жұлдыз жүрек достарым, Ай мен армандастарым, Аман болсын бастарың, Айналайын достарым.
Көкірегіңе күй толғанда, Көңілің ән салғанда. Жаныма кел жан достарым, Домбыраны қолға ал да. Қайырмасы.
Дос көңілі ашылар ма Досыменен сырласса, Тілегіңе қосылатын Достың орны бір басқа. Қайырмасы.