1.Қанша арман кеткенімнен Жоғалттым сені мүлде Көзімнен кеткенімнен Жүрсің ғой көңілімде Сыры бар сезбес пенде Айналды танымасқа Қайтадан кездескенде Болар ма бәрі басқа
Қ-сы: Көрерсің күйгеніңе Тағдырмен неге салмай Қоспайтын сүйгеніңе Бұл өмір неге сондай Махаббат мағынасын Табалмай кезіп жүрмін Сен мені сағынарсың Мен оны сезіп жүрмін
2.Жадымда бейнең әлі Үмітін мың гүлдеді Қайтадан кейде бәрі Келерде бір күндері Биікке самға бағым Кеудемде ән ойнасын Сындырып алма жаным Бақыттың шар айнасын