Жанарыңа жинағандай жан нұры, Бір өзіңнің қолыңда ма тағдырым, Сұлулықтың бәрі өзіңдей болсайшы, Жер бетінен мен аңсаған айнам-ай, Аққу көлі мөлдіреген айнадай, Ақ айдынға бірге ұшып қонсайшы.
ҚАЙЫРМАСЫ
Садағыңмын бір өзңнің сен білсең, Қай жаһаннан жалт-жұлт жанып келдің сен, Асқар таудай тәккапар шың өр білгем, Сұлулықты әлемдегі мен сүйген, Сенен ғана көрдім мен.
Әуелеген сағынышым, ән-мұңым, Сырым осы саған айтар, Жан күнім, Дүние бұл сендей нұрға тұнсайшы, Кең даламдай құшақ жайып жататын, Қимай Күнмен, Таңмен бірге ататын. Бұл өмірде менің нұрым болсайшы.
ҚАЙЫРМАСЫ
Садағаңмын саған ғана тағдырым, Таңнан күткен бір өзіңсің бал күнім, Аққу қанат ән қуаныш, ән мұңым, Сұлулықты әлемдегі мен сүйген, Сыйла маған, Жан гүлім!