Өтті өмір, өзгерді бәрі, Өшті үміт, сөнді алауы. Саған деген көңілім әлі пәк сезімде, Сүйгенменен бар ма амалы?
Сағынам осы шақты арайлы, Алаулаған сезімдер аяулы. Аңсаумен еске алам, жүрек жаралы, Айырды бізді көнем тағдырға. Айналды бәрі бұлдыр сағымға, Жоғалған арманым махаббат бағында.
Атты таң да енді өзіңсіз, Жүрек жылап соғып өзіңсіз. Тамылжыған жұлдызды түнде, Өзіңді ойлап сағыныштан салам әр әнге.
Сағынам осы шақты арайлы, Алаулаған сезімдер аяулы. Аңсаумен еске алам, жүрек жаралы, Айырды бізді көнем тағдырға. Айналды бәрі бұлдыр сағымға, Жоғалған арманым махаббат бағында.
Арманым жоқ алда әрі жоқ алау сезім, Арамыз алыс қазір бұған кінәлі айтшы кім? Сен де, мен де берілдік махаббатқа, Тосқауыл болды қалай бақытымыздың жолына? Ұстаушы ем, сенің нәзік қолыңнан, Уақыт өте көзім жетті сезімнің жоғына. Біл енді екіге бөлінді жол, Кедергі болмаймын саған тілеймін бақытты бол!
Өзіңсіз ардағым менің, Атпайды таңдарым менің...