Анам,әкем
1. Басымыздан өтті бүгін балаң шақ,
Сағынады сол бір кезді жан аңсап.
Орта толып қалушы еді әрқашан,
Шаңыраққа аман-есен оралсақ.
Қайырмасы:
Анам, әкем- сен екеуің қуатым,
Айым, күнім- нұрын төгіп тұратын.
2. Ортаймасын анам, әкем шаттығың,
Аялаған ақ шынарын, ақ гүлін.
Уақыт өрнек- әжімдерден білінсе,
Жүрегімді езіп өтер тәтті мұң.
Қайырмасы:
3. Ана дер ем, әке дер ем ән атын,
Жетем саған талмай ұшып қанатым.
Өздеріңсің өшпес өмір өзегі,
Ұрпағына бақыт тілеп қалатын.
Айнұр Жанған еще тексты
Другие названия этого текста
- Айнұр Жанған - Анам, әкем (әні:Қ.Сақай, сөзі: Е.Баятұлы) (0)
- Айнұр Жанған, әні - Құрмет Сақай, сөзі - Ерболат Баятұлы - Анам-әкем (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1