Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай.
Көк ала тай, көтерші тамағыңды,
Жабырқаған жазайын қабағымды.
Жаным бірге деп жүрген қалқа бала,
Кім ұйытып кетті екен қарағымды.
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай.
Қайрат Байбосынов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1