Қыздар-ай, қыздар-ай Оу шіркін қандайсыңдар?! Жарысып ерлермен қалмайсыңдар! Неге, неге олай?! Өзгерді қыздар бұлай?! Айтайық ер жігіт ендеше сырымызды Жүрсіңдер кінәлап бекерге бізді Жалған шығар мүмкін, ойланшы жігітім
Қайтейін қыздар-ай бәрің де балдайсыңдар?! Әйтеуір қуланып алдайсыңдар. Сыр мен сымбат сай ма?! Қос бұрым сол қайда?! Ойланшы жігітім осынау бір тұста Шашы ұзын қыздардың ақылы тек қысқа Заман жалғады қалағанын
Жарасып ай ай ай ай ай Құрбы десіп ай ай ай ай й Күлімдесіп ай ай ай ай ай Ғұмыр кешіп аааа
Жанымды әзілмен ой сәулем жадыратшы Байқасам қыздардың бәрі жақсы Жаман әйел айнам, шығады екен қайдан?! Жақсы ер жан-жарын аялап гүл етеді Жаман ер асыл жарын күң етеді. Солай болар бәлкім қайдан білсін әркім?