1. Сөзiм жоқ алдында ақталар, Өткендi түзеу ендi кеш. Елесiн естелiк боп барады, Жүрегiмдегi еш сөнбес. Алаңсыз шақтар-ай, Көне хаттардай, Санамда сарғайды. Уакыт - өшiргiш, Өшiрем деп бос алдайды.
Қ-сы:
Жауабың бар ма сұраққа ем? Тағдырым шығар сынақтамын мен. Жаңылдым талай, бiрақ та сен, Кiнәламашы, кiнәлама. Арманымыздың аппақ гүлiн, Сол бiр күндердiң сақтап сырын. Сұранарым тек сенен бүгiн, Кiнәламашы.
2. Жұлдыздар моншақтай тiзiлсiн, Жарығың сенiң сөнбейдi. Мейлi мың үмiт гүлi үзiлсiн, Ұмыткың менi келмейдi. Алаңсыз шақтар-ай, Көне хаттардай. Санамда сарғайды, Уакыт - өшiргiш. Өшiрем деп бос алдайды.