Жанымда менің бұрын жүрдің табыла,
Іздеймін енді сағына.
Жәудіреп көзің, үміт жиған жаныма,
Әдемі құсым ең,
Ұштың сен тағы да, қонбай бағыма.
Сүйемін, сүйемін,
Өзіңсің гүлдей бағым, күндей жаным.
Сүйемін, сүйемін,
Сағынып салған әнім — сенсің, жаным.
Алыстап ай мен күндей жүрміз бағалап,
Жағалап үміт аралын.
Жазылмас, білем түскен жүрек жараның,
Өзіңдей даланың, еркелі маралым,
Қайдан табамын?!
Сүйемін, сүйемін,
Өзіңсің гүлдей бағым, күндей жаным.
Сүйемін, сүйемін,
Сағынып салған әнім — сенсің, жаным.
Көрікті аруым, жұлдызды жамылып,
Келші жаныма.
Сүйемін, сүйемін,
Өзіңсің гүлдей бағым, күндей жаным.
Сүйемін, сүйемін,
Сағынып салған әнім — сенсің, жаным.
Қайрат Нұртас еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1